jasqazaq.kz

Гол соға алмай ыза болған Суарес футболкасын жыртып тастады (видео)

03 қазан 2017, 11:14

Тепкен добы қақпаға кірмей, мүлт кеткеніне ыза болған «Барселона» шабуылшысы Луис Суарес үстіндегі футболкасын жыртып тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Келеңсіз жәйт Испания чемпионатының жетінші туры аясында өткен «Барселона» — «Лас-Пальмас» матчы кезінде болған.

Артық форма болмағандықтан, футболшы алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ал «Барселона» ойынды Суарессіз жалғастырды.

Осы матчта каталондықтар «Лас-Пальмас»-ты 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Каталониядағы референдумға байланысты ойынды тамашалауға бірде бір жанкүйер келмеген.

Активінде 21 ұпайы бар «Барселона» чемпионаттың турнирлік кестесінде көш бастап тұр, ал «Лас-Пальмас» 6 ұпаймен 17-орында келеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде