jasqazaq.kz

Ғизат Нұрдаулетов бас прокурор болып тағайындалды

18 наурыз 2019, 12:51

Ғизат Нұрдаулетов бас прокурор болып тағайындалды.

«Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын», — делінген Ақорданың хабарламасында. Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінен босатылғаны айтылады. Нұрдаулетов осыған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінде болған еді. Ғизат Нұрдаулетов 1964 жылы 11 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеген, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарынқа, 1997-2007 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етті. 2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, 2013 жылдың 6 мамырында ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры болды. Кейін 2016 жылдың қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы қызметіне келді.

akorda.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде