jasqazaq.kz

Гиннесс рекордтар кітабына енген құрақ көрпе

17 қыркүйек 2018, 10:52

Алматыда қала күні тойланып жатқанда тұрғындар ерекше сый жасады. Олар тіккен құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Бақ.kz. жазғандай, Алматыда қала күні кеше тойланды. «Осы жиылған жұрт иісі аңқыған апорттың дәмін татып, ұлттық-мәдени шаралардың куәсі болды. Наурыз мерекесінде басталған алып құрақ көрпе де бүгін тігіліп бітті. Ұзына бойы 11 шақырымға тақайтын құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді», — деп жазады сайт.
«Мұның бәрі осы бес айда тез тігіле қалған дүние емес. Қанша адамның еңбегі болды. Еңбегінің жемісі бүгін ақталып жатыр. Сондықтан да бүкіл қалалықтарды үлкен жеңіспен құттықтағым келеді. Бұл — қаланың жеңісі», – деген пікірін білдірді қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қабиева.Өз кезегінде Гиннесс рекордтар кітабы бас кеңсесінің өкілі Джона Брент қазақстандық құрақ көрпені көру үшін, бағасын беру үшін, қала күні мерекесіне арнайы келіп отырғандықтарын жеткізді.
«Бұл — шынымен де таңқаларлық дүние. Сіздер расында әлемдік рекордтың қаймағын бұзып отырсыздар. Осыны дәлелдейтін ресми құжатты да табыстадық», — деді ол.
Қала күні мерекесі бір айдан бері аталып өтіп жатқанын айта кеткен жөн. Осы уақыт аралағында 100-ден астам мерекелік іс-шара өткен. Соның басым көпшілігі мәдени шаралар. Олардың қай-қайсысы да қала тұрғындарының күнделікті өмірін жарқын сәттерге толтыруға бағытталған.
«Бүгін өте керемет мереке болып жатыр. Қазақи салт-дәстүріміз көрсетілуде. Қазақтың салт дәстүрі мәңгі болсын. Көңіл күйіміз өте керемет», — деген әсерімен бөлісті қала тұрғыны Гүлнұр Әбдірашит.
Қала күніне арналған концерттік бағдарламалар кешкі уақытта да жалғасын тапқан. Халықаралық «Сұңқар» трамплин кешенінде Еуразиялық музыка байқауы өтсе, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алатауым — алтын ұям» республикалық ақындар айтысы көпшіліктің айызын қандырды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді