jasqazaq.kz

Ғимарат опырылып 6 жұмысшы зардап шекті

21 қараша 2019, 18:24

Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды.  Төтенше жағдай салдарынан алты жұмысшы зардап шекті.

Барлығы Өзбекстан азаматтары, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар комитеті мәліметінше, 21 қарашада 15:30-да Сайрам тұрғын алабындағы ғимарат опырылған.

«Салынып жатқан 1500 шаршы метр ғимараттың шатыры мен темірбетон қабырғалары құлаған. Оқиға салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, олар құтқарушылар келгенге дейін қалалық № 3 ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың барлығы — Өзбекстан Республикасының азаматтары», — делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Олардың үлкені 41-де, ал ең жасы — 23-те. Сурет ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен «Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеді. Үйінділер астында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 24 қызметкер және үш өрт сөндіру техникасы, сегіз жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, екі арнайы техника және бір кинолог жұмылдырылды», — делінген ТЖК хабарламасында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда