jasqazaq.kz

Гидроскутер мінген қыз сегіз жастағы баланы басып кетті

24 тамыз 2020, 14:36

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында Алакөл көліндегі «Марсель Фэмели Ресорт» пансионатында үрмелі матраста жүзіп жүрген үш жасөспірімді гидроскутерге ие бола алмаған 2000 жылғы қыз бала басып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Төтенше оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барды.

Келгеннен кейін 2012 жылы туған сегіз жасар бала басынан бірнеше жерден жарақат алғаны анықталды. Ол Үшарал қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қалған балалар зардап шеккен жоқ.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Скутермен жүргенде шомылып жүрген адамдардан алыс, қауіпсіз жерде жүру қажет, өйткені кез келген абайсыздық апатқа әкелуі мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде