
Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Аргентина мен Барселона құрамаларының шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы кездесу барысында футболшыға өзінің қолғабын сыйлады. Айта кетейік, олар Барселонада ортақ демеушілері — әлемдегі алғашқы Finney блокчейн-смартфонының таныстырылымында кездесті. Осыған дейін Головкиннің бала кезінде футболмен айналысқаны жайлы айтылған болатын. Қазақстандық боксшы 2016 жылы «Вест Хэм» футболшылары, бапкерлері және басшыларымен кездесіп, ағылшын командасының матчтарының бірін тамашалаған болатын.