jasqazaq.kz

GGG-ден туға қолтаңба қалдыруды сұраған бойжеткен: Алты сағат кезекте тұрдық

03 наурыз 2018, 16:35

Геннадий Головкиннен туға қолтаңба беруді сұраған қыздың кім екені анықталды. Today.kz сайты хабарлағандай ол Сағида Айтхожина. Бойжеткен боксшыға бала кезінен жанкүйер екенін айтты.
Ол сайт тілшісіне берген сұхбатында «GGG-ға бала кезімнен жанкүйермін. Бұл – сөзбен жеткізе алмайтын сезім. Анам мен достарым бар, осы баспасөз мәслихатына келу үшін сабақтан қалдық. Алты сағат кезекте тұрдық. Ол жаққа 12:30-дар шамасында келіп едік, олар тек 15:30-да ашылды. Біз бар пәрменімізбен кезекке тұру үшін жүгіріп бардық», – дейді.
Бойжеткен Геннадийді тірідей көрген кезде жылап жібергенін жасырмады. Ол қазақстандық пен «Канелоның» жекпе-жегіне кіру үшін бар күшін жұмсайтынын айтты.
«Анам билет ала алмасақ та баратынымызды айтты. Бұл ұлы жекпе-жек қой. Оскар де Ла Хойя бұндай жекпе-жектің жақын 20 жылда болмайтынын айтты. Сондықтан Генамызға жанкүйер болуға міндеттіміз. #Генанупожалуйста біздің ұранымызға айналды», – дейді жанкүйер.
Естеріңізге салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында GGG-ден туға қолтаңба қалдыруды сұраған Сағида Айтхожина желіні шулатқан еді.
GGG мен «Канело» арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде