
Германияның Аммерндорф коммунасының маңында ірі жол апаты орын алды. Салдарынан 40 адам зардап шекті.
Белгілі болғандай, мектеп оқушыларына лық толы екі автобус пен бір жеңіл көлік соғылған. Оқиғадан 5 жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Құтқару операциясына дәрігерлер тікұшақпен жетті. Апаттың анық-қанығын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.