jasqazaq.kz

Германияда білімін жетілдіріп жүрген магистранттар оқудан шығарылды

21 қантар 2020, 9:41

Германияда тағлымдамадан өтіп жатқан сегіз магистрант оқудан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сот төрелігі академиясының сайтына сілтеме жасап. Германияда білімін жетілдіріп жүрген Сот төрелігі академиясы «Құқықтану» мамандығының 8 магистранты оқудан шығып қана қоймай, мемлекет төлеген шығындары мен шетелде тағлымдамадан өтуіне жұмсалған қаржыны қайтаратын болды. Академия ректоры Зәуреш Баймолдина қол қойған бұйрыққа сәйкес, аталған магистранттар «жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны» және «өз іс-әрекетімен және қылығымен қоғам тарапынан сынға жол беріп, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу және оларды болдырмау жөнінде шара қабылдамағаны» үшін оқудан қуылып отыр. Еске сала кетейік, 13 қаңтарда желіде шетелде тағлымдамадан өткен қазақстандық магистранттарға қатысты видео жарияланған болатын. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясында аталған магистранттарға қатысты видеоматериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссия құрылған болатын. «Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені шешуге тексеріс қорытындысы бойынша жасалған комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шетелдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі» делінген баспасөз баянында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия