jasqazaq.kz

Германияда әйел бес баласын өлтірді деген күдікке ілінді

04 қыркүйек 2020, 10:32

Германия полициясы Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде орналасқан Золинген қаласында бес баланың өліміне қатысты қылмысты тергеп жатыр. Анасы балаларын өлтірді деген күдікке олардың анасы ілінді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ға сілтеме жасап хабарлайды. Полицияға балалардың әжесі хабарласқан соң, тәртіп сақшылары аталған үйді тексеруге келген. «Балалардың 27 жастағы анасы Дюссельдорфта пойыздың астына түспек болып, жарақат алған. Қазіргі кезде ол ауруханада жатыр, біз болған оқиғаға байланысты одан жауап аламыз», — деді Полицияның ресми өкілі Штефан Вайенд. «Әйелмен бірге оның алтыншы баласы, 11 жасар ұл болған. Абырой болғанда, ол аман», — деп нақтылады Солтүстік Рейн-Вестфалия ІІМ басшысы Херберт Ройль. Оқиғаның мән-жайы туралы ештеңе белгісіз, қосымша ақпарат әзірге хабарланбай отыр. Күдікті әйелді полиция күзетіп жатыр. Балалар өліміне не себеп болғаны да белгісіз. Бұл қылмысты ашуға 40-қа жуық полиция қызметкері жұмылдырылған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде