jasqazaq.kz

Германия көмір өндісін толығымен тоқтатты

22 желтоқсан 2018, 11:45

Германия тарихында бүтін бір дәуір — тас көмірді өндіру дәуірі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Немістер тас көмір өндірісін 900 жылдан астам уақыт бұрын қолға алған. Кеше, 21 желтоқсан күні кезінде Германия экономикасының өрлеуіне қуатты серпін берген салалардың бірі толығымен келмеске кетті. Бұрын кеншілер қаласы болған Ботропеде елдегі ең соңғы көмір шахтасы Prosper-Haniel салтанатты жағдайда жабылды. Еуропадағы көмір державалары арасында Германия бұл дәстүрлі саланы жойған алғашқы мемлекет емес. Бельгияда соңғы шахта — 1992 жылы, Францияда — 2004 жылы және Ұлыбританияда 2015 жылы жабылды. Аталмыш елдердің барлығында тас көмір өндірісі экономикалық себептерге байланысты тоқтатылды. Одан экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан (халықты түтіннен, ал жаһандық климатты — парникті газдардың таралуынан қорғау) бас тарту — соңғы кездегі үрдістердің бірі. Шахтаның салтанатты жабылу рәсіміне Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қатысты. Шара барысында оған соңғы өндірілген салмағы 7 келі тас көмір табыс етілді. Штайнмайер тас көмірдің бұл кесегі «тарихтың бір бөлігі» болып табылатынын атап өтті.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер