jasqazaq.kz

Германия құрамасы Бразилия құрамасынан өз алаңында жеңілді (видео)

28 наурыз 2018, 14:55

Футболдан Бразилия құрамасы жолдастық кездесуде Германия ойыншыларын жеңді. Берлин қаласындағы Олимпиадалық стадионда өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 37-минутында бразилиялық Габриэль Жезус көзге түсті. Бұл жеңіс – бразилиялықтар үшін 2005 жылдан бергі бірінші жеңісі (Онда олар Конфедерация кубогында бразилиялықтар немістерді 3:2 есебімен ұтқан еді). Содан кейін командалар екі рет кездесті, екі ойында да Германия құрамасы басым болды. Сонымен қатар Германияның жеңіліссіз ойындар сериясы үзілді. Осыған дейін Германия ойыншылары Еуро 2016 жартылай финалында Франция құрамасынан жеңілген (0:2) еді. Айта кетейік, немістер – қазіргі уақытта әлем чемпионы. 2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінде олар F тобына түсті. Онда Мексика, Швеция және Оңтүстік Корея бар. Бразилия құрамасы Е тобына түсіп, Швейцария, Коста-Рика және Сербия командаларымен бақ сынайды.

Vesti.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде