jasqazaq.kz

Германия билігі Навальныйдың неден уланғанын айтты

03 қыркүйек 2020, 10:11

Германияның қарулы күштерінің арнайы зертханасы Алексей Навальныйдың сынамаларына токсикологиялық талдау жүргізді. Нәтижесінде «Новичок» тобындағы химиялық заттың қалдықтары табылған, — деп хабарлайды DW.

Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберттің сөзінше, сарапшылардың шешімі күмән тудырмайды.

Зайберт Берлин ресми түрде Ресей билігінің бұған қатысты пікір білдіруіне шақырған. Оның айтуынша, Германия Еуроодақ пен НАТО-ға Навальныйдың сараптамасының нәтижесін көрсетіп, олармен «бірлескен реакцияны» талқылайды.

Бұған дейін жағдайды Германия канцлері Ангела Меркель, елдің сыртқы істер министрі Хацко Мас, ішкі істер министрі Хорст Зеехофер, әділет және тұтынушылардың құқықтарын қорғау министрі Кристина Ламбрехт, қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр, қажы министрі Олаф Шольц, сондай-ақ федералды канцлер бөлімінің басшысы Хельге Браун талқылаған.

«360» телеарнасының мәліметінше, Шарите клиникасының баспасөз қызметі Навальный әлі де жасанды тыныс алу аппаратында жатқанын, уланудың симптомдары біртіндеп азая бастағанын хабарлаған.

Еске салайық, саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыштың айтуынша, 20 тамызда Навальный Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда денсаулығы сыр берген. Кейін әуе кемесі Омбыға шұғыл қонып, оппозиция өкілі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Ол ес-түссіз ауруханаға түсті, қазір жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, жансақтау бөлімінде жатыр.

Ярмыш белгісіз біреулер саясаткердің шайына у қосқан болуы мүмкін деген болжам жасады. «Таңертең шай ғана ішкен. Дәрігерлер улы зат ыстық сұйықтық арқылы тез сіңетінін айтты», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде