
Алдағы сенбі күні Геннадий Головкин шаршы алаңға шығады. Ол жапондық боксшы Риота Муратамен қолғап түйістіреді. Жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
9 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-ші кездесуін өткізеді. Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.
ҚазАқпарат