
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокдаунға жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
9 раундтқа созылған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан басым түсті. Геннадий Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанып отыр.