
Жуырда DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа отырған қазақстандық Геннадий Головкин өзінің GGG Promotions компаниясын дамыту туралы айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz.
Үш жылдық келісімшарт бойынша қазақстандық алты жекпе-жек өткізеді. Оның үстіне 2020 және 2021 жылдары Головкин GGG Promotions боксшылары үшін DAZN-де төрт бокс кешін ұйымдастыра алады:
– Жауапкершілік бар, өйткені мен DAZN-ге промоутерлік компаниямды әкеліп отырмын және өз жігіттеріме бокс әлемінде дамуға көмектескім келеді.
– Жас боксшыларды дамыту бұрыннан жоспарыңызда болды ма?
– Мұндай ой әрдайым болды. Соңғы жекпе-жектерден кейін тәжірибеміз мол екенін түсініп, басқа жігіттермен білгенімізді бөліскіміз келді.
– Қазір чемпион болып көргеннен кейін, өзіңіз кезінде білмеген дүниелерді жас боксшыларға үйреткіңіз келе ме?
– Бокстың дәл қазіргі жағдайына қатысты тәжірибе мол. Мен өткен мен болашақ туралы айтқым келмейді. Қазір не бар – бізде бар ақпаратпен бөлісіп, кеңес береміз. Мұндай білімге құштар жігіттерді күтемін, үйретуге қуанышты боламын. Жарамды ұсынысы бар жігіттерді қарастырамыз. Шынымен жұдырықтасуға ынтасы барлар келсін, үздік боксшыларды айтамын.