jasqazaq.kz

Геннадий Головкин өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ

08 мамыр 2021, 13:21

IBF бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, КО) WBA суперчемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) желтоқсандағы бірлескен жекпе-жектен бас тартпайды. Бірақ алдымен өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ.Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Uol.com бразилиялық сайтының дерегіне сай, боксшы 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері кәсіби алаңда жеңіліп көрмеген IBF рейтингісінде 5-нөмір саналатын бразилиялық Эскива Фалькаомен (28-0, 20 КО) айқаспақ.

Ресурстың мәліметінше, жекпе-жек тамыз айына жоспарланып отыр, дегенмен нақты күні белгісіз.

Фалькао промоутер Боб Аруммен (Top Rank), Головкин Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) жұмыс істейді. Бразилиялық ESPN телеарнасында, ал қазақстандық боксшы DAZN стримингінде өнер көрсетеді.

Бұдан бұрын екі промоутер бірге жұмыс істеген, боксшылар ауыстырған. Арумның Фалькаоны жіберуі мүмкін, себебі боксшы компанияның мықты ойыншысы саналмайды, ол жеңген жағдайда (сонымен қатар жай ғана жақсы өнер көрсеткен жағдайда) оның нарықтағы бағасы бірталай өседі.

Әуесқой алаңда Фалькао Муратамен екі рет айқасқан, екі жекпе-жекте де, соның ішінде 2012 жылғы Олимпиада ойындарының финалында да жеңіліс тапқан.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин шынымен осы жылдың аяғына жапондық Риота Муратамен мегаайқас жоспарлап отыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия