jasqazaq.kz

Геннадий Головкин әлем чемпионымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

13 шiлде 2021, 10:36

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBO титулының иегері Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жекке шығудан бас тартты. Бұл туралы   Sports.kz ресурсына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

The Athletic инсайдері Лэнс Пагмайрдың мәліметіне сенсек, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин аталмыш айқасқа қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұл жайында Пагмайрға DAZN стриминг сервисіндегі ақпарат көзі хабарлаған.

«Маған Головкиннің 31 желтоқсан күні Жапонияда Риото Муратамен өтеді деп жоспарланған жекпе-жекке дейін Деметриус Андрадемен жұдырықтаспайтыны жайлы хабар келді» деп жазды ол Twіtter парақшасында.

Осыған дейін дәл осы ақпарат көзі Геннадий Головкиннің қыркүйекте Сауль Альвареспен үшінші мәрте кездесуге келісім бергенін мәлім еткен еді. Алайда бұл ұсыныстың қаншалықты нақты екені беймәлім.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпаратқа Деметриус Андраде жауап қатып, наразылығын білдіріп үлгерді.

«Әрине, GGG менімен жекпе-жекке шықпайды. DAZN, оны бүкіл титулын біріктіруге көндіріңдер» деп жазды Андраде Twitter парақшасында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия