jasqazaq.kz

«ГАЗель» жүргізушісі блокпостта полицейді қағып кетті (видео)

07 мамыр 2020, 12:56

Оралда «ГАЗель» автокөлігі блокпостта тоқтамай, полиция қызметкері зардап шекті.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 мамыр күні сағат 14.00-де Желаев кентіндегі №9 блокпостта болды.

Бәйтерек ауданы Трекин ауылында тұратын 1986 жылғы жүргізуші блокпосттың шлагбаумынан өтер кезде полиция кіші лейтенанты Ақжол Ізбасаровтың тоқтау жөніндегі заңды талабына бағынбаған.

Соның салдарынан полиция қызметкерінің сол жақ табанын басып кеткен. Содан кейін облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілген А.Ізбасаровқа сол жақ табаны көгерген деген диагноз қойылып, дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.

«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабына (жүргiзушiнiң адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші айық болған», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Болатбеков.

https://youtu.be/Rjz6X44r9UY

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде