jasqazaq.kz

Газ таситын көлік жарылды. Бір адам қайтыс болды (видео)

20 шiлде 2020, 15:21

Қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 18 шілдесінде сағат 20.05 шамасында Алматы-Өскемен автожолының 548 шақырымында «ЗИЛ-130» маркалы автокөліктің қатысуымен орын алды. Апаттан бірнеше адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлады.

Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан «ЗИЛ» маркалы автокөлігін басқарған 1982 жылғы азамат рульді басқара алмай жолай келе жатқан «Пежо-307» маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Патрульдік экипажда екі полиция қызметкері – полиция аға лейтенанты Максим Шевченко мен полиция лейтенанты Руслан Меделханов болған.

Инерция салдарынан газ тасымалдайтын көлік тағы екі көлікпен соқтығысқан. Алдымен қарсы бағытта келе жатқан «Мазда-626» маркалы автокөлігімен, ал кейін «Рено» маркалы фурасымен. Осыдан кейін » ЗИЛ» жол жиегіне шығып, аударылып кеткен. Бірнеше минуттан кейін газовоз жарылып, толықтай жанған.

Өкінішке қарай, аталған жол-көлік оқиғасында 1972 жылғы Ж. есімді «Мазда — 626» жүргізушісі ауыр дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Жарылысқа бірнеше секунд қалғанда полиция қызметкерлері жарылыс пен оның зардаптарын алдын ала болжап, газ тасымалдайтын көлік жүргізушісін құтқаруға ұмтылған: олар санаулы секунд ішінде жүргізушіні қауіпті аймақтан сүйреп шығарып алған. Сонымен қатар, полицейлер жол-көлік оқиғасының қалған қатысушыларын құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. «Зил» автокөлігінің жүргізушісі Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді.

Жарылыстың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ, осы ЖКО салдарынан патрульдер де зардап шеккен, олар көптеген кесілген дене жарақаттарын алған. Бірақ, тәртіп сақшылары бұған қарамастан, өз қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған.
Жедел жәрдем келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерді қоршап, басқа көліктердің өтуін қамтамасыз еткен.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Троих человек спасли полицейские в жутком ДТП с участием газовоза в Алматинской области, сообщает zakon.kz. По информации пресс-службы ДП области, трагедия произошла 18 июля в 20.05 на 548 км автодороги Алматы-Оскемен с участием автомашины марки ЗИЛ-130, по вине водителя которой пострадали несколько человек, один – погиб. Установлено, что в северном направлении двигался ЗИЛ под управлением 38-летнего водителя, который не справился с рулевым управлением и допустил столкновение с попутно идущей патрульной автомашиной марки Peugeot 307. В патрульном экипаже находились два сотрудника полиции – Максим Шевченко и Руслан Мельдеханов. По инерции газовоз столкнулся еще с двумя автомашинами. Сначала с Mazda-626, а после с фурой Renault, которые двигались навстречу. После этого ЗИЛ съехал на обочину и опрокинулся. За несколько секунд до взрыва сотрудники полиции, предвидев возможный взрыв и последствия, кинулись сначала спасать водителя газовоза: им удалось за считанные секунды оттащить водителя с опасной зоны. Спустя мгновение газовоз взорвался и сгорел дотла. Кроме того, полицейским удалось спасти остальных участников ДТП, оказав им на местах первую медицинскую помощь. Водитель автомашины “ЗИЛ” госпитализирован в больницу города Ушарал. К сожалению, в данном дорожно-транспортном происшествии на месте ДТП погиб водитель Mazda-626 – 48-летний гражданин, который получил тяжелые травмы, не совместимые с жизнью. Необходимо отметить, что патрульные также пострадали в данном ДТП, они получили множественные резанные раны. Но, несмотря на это, стражи порядка продолжали исполнять свой служебный долг. До приезда скорой помощи пострадавшим оказали первую медицинскую помощь и обеспечили безопасность, оцепив место ДТП и осуществляли отвод другого транспорта. В настоящее время ведется досудебное расследование по ст. 345 ч. 3 УК РК “Нарушение правил дорожного движения, повлекшее по неосторожности смерть человека”.

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде