jasqazaq.kz

Газ қоймасынан өрт шықты (видео)

01 мамыр 2020, 16:04

Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан газ баллоны қоймасынан өрт шықты.

Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 мамырында сағат 14:32 –де Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Жетісу ауданы, Ратушного көшесі, 78 «Б» мекенжайында қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер сағат 14:44- те жетті. «ЛТ» ЖШС аумағындағы газ қоймасы мен газ тарату станциясы жанып жатыр екен. Қоймада 50 және 25 литрлі газ баллондары сақталған. Бірнеше рет жарылыс болды. Шұғыл әрекеттің арқасында өрттің шамамен сыйымдылығы 100 текше метр болатын газ цистернасы мен жақын маңдағы тұрғын үй секторына өршуіне жол берілген жоқ»,– деді Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының майоры Денис Ярцев.

Қызыл жалын оқшауланды. Өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған.

https://youtu.be/sYTXdJK2EaM

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия