jasqazaq.kz

Гаухар Әлімбекованың үстінен тағы арыз түсті

13 наурыз 2019, 12:06

Бақыт Назарова Гауһар Әлімбековаға қарсы сот ісін қайта жандандырды. Жәбірленуші басына қауіп төніп тұрғанын, ал оның бұрынғы құрбысы ол жайлы жалған ақпарат таратып, абыройын қаралап жүргенін айтты.

«Барахолка» атанып кеткен ашық базарда сауда жасайтын Бақыт Назарова айына 330 мың теңге несие төлеуге мәжбүр.

Жасы алпысқа тақалса да, күнкөріс үшін еңбек етіп жүрген ол Әлімбековамен болған баспана дауынан кейін, тіпті, базарға шығу қиындағанын айтады.

«Мені танып қалған адамдар келіп, «Саған осы не керек, проблема керек пе?» деген қатты-қатты сөздер айтады. Қорқа бастадым. Өзім несиемді төлей алмай, қысылып, қарызданып жүргенде, бұл менің жүрегіме әсер ете бастады. Адамды көрсем, дірілдеймін»,- дейді жәбірленуші.

Бақыттың жанына батқаны — әншінің әлеуметтік желіде өзін меңзеп, қаралауы екен. Осыдан кейін Назарова бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына арыз жазып, президенттің атына хат жолдапты.

«Себебі, Әлімбекова өзінің Instagram желісінде мені «Б әпке тойға барғанымды, ән салғанымды көре алмай, үстімнен арыз жатып жатыр екен» деген жалған ақпарат таратып отырды. Алдымен мен оған мән берген жоқпын. Себебі, өзімнің жеке арымның алдында таза болғандықтан, жарайды, ештеңе етпейді деп отыра бергенмін»,- дейді ол 31-арнаға берген сұхбатында.

Дереккөз: 365info.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда