jasqazaq.kz

Гауһар Әлімбекованы сотқа берген әйел қылмыстық іс жайлы айтты

01 ақпан 2019, 12:05

30 қаңтар күні сотталған Гауһар Әлімбекова жайлы ақпарат әлеуметтік желіде әлі қызу талқыланып жатыр. Әншіні сотқа берген Бақыт Назарова 20 жылдан бері базарда сауда жасайды, деп хабарлайды 31 арна.

Қарапайым азаматша кезінде Гауһарға 40 мың доллар тауып беру үшін бірнеше рет несие алып, қарызға белшесінен батқан. Оның сотқа бергендегі мақсаты – әншіні түрмеге отырғызу емес, ақшасын қайтару екен. Өзінің есептеуі бойынша, Әлімбекова оған 51 мың доллар, 10 миллион 500 мың теңге қарыз.

«Осындай ортамызда жағдай болды екен деп мен оны табаламаймын. Оған деген өкпем де, кегім де жоқ. Ал оны мен кешірем, кешірмеймін дейтіндей мен кіммін Алла тұрғанда? Алла бәрімізді кешірім, тәубәмізді қабыл алатын. Сіздерге айтарым, Гауһарды түсінуге тырысыңыздар, сөкпеуге тырысыңыздар», – дейді жәбірленуші.

Халық сот Гауһарға тым ауыр жаза берді деп әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Алайда заңгер Орынбасар Тілепбергенов әнші тіпті, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді деп отыр. Сот оның бұрын сотталмағаны мен қоғамдағы беделін ескерген. Заңгердің айтуына қарағанда, Гауһар мен оны сотқа берген әйел бітімге келгенде іс осылай аяқталмас еді.

«Аппеляцияға берген күннің өзінде Әлімбекованың құқықтық жағдайы өзгермейді. Өйткені соттан біз өрескел қателік көріп тұрған жоқпыз. Ал жәбірленуші «келісімге келдім» деп қайта талап арыз беретін болса, онда жағдай өзгеріп, Әлімбекованың босап шығуға мүмкіндігі бар», – дейді заңгер.

Еске сала кетейік, күні кеше Гаухар Әлімбекованың алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. Отандық жұлдыздар сотталған Әлімбековаға қолдау білдірді.

Ал күні кеше Әлімбекованың елбасыдан араша сұрап, хат жазғаны анықталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде