jasqazaq.kz

Ғарышқа апарған шарапты 1 миллионға сатпақшы (Видео)

08 мамыр 2021, 14:17

АҚШ-та ғарышқа ұшуға алғашқы билет саудаға түсті. Алыс сапарға аттануға әлемнің «мен» деген миллиардерлері таласып жатыр. Өйткені билет саны біреу ғана. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Аукционды әйгілі миллиардер Джефф Безос өткізіп жатыр. Оған тиесілі компания жолаушыларға арналған алғашқы ғарыш кемесін жасап шығарған. Онда экипаждан бөлек, тек бір жолаушыға арналған орын бар. Енді сол жалғыз билетке әлемнің байлары таласады. Аукционда билет құны 200 мың доллардан басталады. Ал Англияда ғарышта болып келген шарап саудаға түсті. Құны миллион доллар. Бөтелке халықаралық ғарыш айлағында 14 ай бойы сақталыпты. Ғарышқа шықпай тұрып шарап құны 10 мың доллардай болған. Мамандар қызыл сусын бұрынғыдан дәмдірек бола түсті деп сендіреді. Әлемдегі ең қымбат шарапты кімнің сатып алатыны әзірге белгісіз. Ал одан түскен ақша ғарыш саласын дамытуға жұмсалады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия