jasqazaq.kz

Гаражға тығып қойған 164 мың АҚШ долларын ұрлап кеткен

02 шiлде 2019, 14:26

Алматы тұрғыны үйіне тығып қойған 164 мың АҚШ долларынан айырылып қалды.  

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 34 жастағы келіншек үйі мен жерін сатып, одан түскен 164 мың АҚШ долларын гаражға тығып қойған. «Бірақ ол моншаның құрылысын бастағанда жасырып қойған ақшасын алуды ұмытқан. Күндердің-күнінде құрылысшы жұмыскерлердің бірі телефонын өшіріп, жұмысқа келмей қойған. Ол қасындағы әріптесіне 100 000 теңге берген де, қайтарып жіберген. Осы кезде үй иесінің көңіліне күдік ұялайды. Тығып қойған ақшасы орнында жоқ болып шықты. Үй иесі бірден полицияға хабарласқан. Тергеу тобы 35 жастағы қырғыз азаматын бірден тапты. Ол Алматының ортасында пәтер жалдап тұрып жатқан жерінен ұсталды. 164 мың АҚШ долларының жартысы ұрының қолында болып шықты. Қалған жартысын ол Алматы облысында әр жерге тығып үлгерген. Ақша иесіне қайтарылды. Кей бөлігін Қырғызстанға анасына жіберген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Ұсталған адам уақытша оқшаулау орнына қамалды», — деді қалалық полиция департаментінің басқарма басшысы Есен Ысқақов.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда