jasqazaq.kz

«Гарант 24 Ломбард» басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды

29 ақпан 2020, 14:36

«Гарант 24 Ломбард» және «Выгодный займ» ЖШС басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстандық жедел уәкілдер «Гарант-24» ЖШС басшысы Аслан Мырзабековтің қалай қозғалғанын анықтады. Мәселен, 21 қаңтарда ол Ақтөбеден Орынборға шығып, одан әрі Мәскеуге ұшып, сол жерден пойызбен Кишинев қаласына аттанған. Қазақстандық тараптың арнайы сұранысы бойынша Мырзабековті молдавиялық полицейлер қолға түсірді. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті материалдар Молдова құзыретті органдарына жіберілетін болады.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында қаржылық пирамиданың басшысы ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысы полиция департаменті «Выгодный займ» ЖШС жетекшісі Ж.Т. Есіркеповті ұстады. Ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Ж.Т. Есіркепов 22 ақпаннан бастап ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабы 3-бөлігі («Қаржы пирамидаларын құру және басқару») қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде болды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаменті қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтарды кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласуларын сұрайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия