jasqazaq.kz

«Гарант-24» директорлары ұсталды

22 ақпан 2020, 20:38

Павлодарда «Гарант-24» ломбардының өңірлік директоры ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, «Гарант-24» ломбардының Павлодардағы филиалының басшысы алданып қалған тұрғындардың шағымынан кейін ұсталған.

«Салымшылардан ұжымдық шағым түсті. Олар ломбардқа салған ақшасы мен дүние-мүлкін кері ала алмай жатқанын айтып арызданды. «Гарант-24″ ломбардының өңірлік директоры ұсталып, Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді ведомстводан.

Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы ломбард басшысының іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тергеп жатыр.

Сондай-ақ, ІІМ ақпаратынша, «Гарант 24 Ломбард» Тараздағы филиалының директоры ұсталды. Құқық қорғаушылар алаяқтық және қаржы пирамидасын құру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты оқғаның мән-жайын жария етуден бас тартты.

Бұдан бөлек, Қарағандыда «Гарант 24 Ломбард» ЖШС бас директоры қамауға алынды. Бір тәулік ішінде 36 адам ломбард басшысының үстінен шағымданған.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында «Гарант 24 Ломбард» салымшылары 52,5 миллион теңгесінен айырылды. Ал Батыс Қазақстан облысында дәл осы ломбардтың иелері екі тұрғынды алдап, 13,5 миллион теңгесін иемденіп кеткен.

Қазақстан ломбардтарында не болып жатыр
21 ақпан күні Қазақстанның бірнеше қаласында «Гарант 24» және «Estate Ломбард» салымшылары компания кеңсесіне жиналып, салған ақшасын қайтап беруді талап етті. Полиция «Гарант 24» компаниясына қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар ломбард иелерінің әрекетінен сан соғып қалған қазақстандықтарға полицияға арыздануға кеңес берді.

Атыраудың өңірлік басылымдары Home Avto Invest ломбардының салымшылары филиал басшысын тұтқынға алғанын хабарлады. Кейінірек Атырау облысының полициясы ломбард директорының бейнеүндеуін таратты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі түсіндіргендей, «Гарант 24» және «Estate Ломбард» ломбардтарының қызметінен қаржы пирамидасының белгілері байқалған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия