jasqazaq.kz

Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады

20 желтоқсан 2019, 11:15

Ұялы телефондағы түнгі режим ағзаның циркадты ритміне кері әсерін тигізеді. Манчестер университетінің ғалымдары осындай ақпаратпен бөлісті. Олардың зерттеуінің қорытындысы оқу орнының сайтында жарияланған.

Мамандар түнгі режимді қосқан кезде телефон экранында сары түс басым болатынын айтады. Ал бұл адамның биологиялық сағатына зиян келтіреді, деп хабарлайды РИА Новости.

Тышқандармен жүргізілген зерттеу түнгі режимде қолданылатын түстердің күндізгі жарыққа ұқсас екенін көрсетті. Бұл ағза қателесіп, түн мен күнді ауыстырып алуы мүмкін деген сөз. Сондықтан мұндай түстердің пайдасынан гөрі зияны көп болады. Адамның ұйқысы бұзылады.

Ал телефонда әдетте қолданылатын көгілдір түсті спектр ағза үшін әлдеқайда үйреншікті. Ғалымдардың айтуынша, бұл түстің ұйқыға айтарлықтай кері әсері жоқ.

«Негізі, көк түстер қараңғы уақытпен байланыстырылады. Ал ақ пен сары түс, керісінше, күндізгі уақытқа тән», — дейді зерттеу авторларының бірі Тим Браун.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда