jasqazaq.kz

Ғалымдар ірімшіктің жүрек ауруларының алдын алатынын дәлелдеді

02 желтоқсан 2017, 19:31

Қытайдағы Сучжоу университетінің ғалымдары күнделікті ірімшікпен ауқаттану арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға болатыны жөнінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz сайты Тһе Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар «франциялық парадоксты» түсіндіруге тырысқан. Құрамы холестеринге бай әрі майлы тағамдарды жиі тұтынатын франциялықтар жүрек-қан тамырлары ауруларына сирек шалдығады екен. Алайда ірімшік құрамында жүректің жұмысына кері әсерін тигізетін майлы қышқылдар көп мөлшерде кездеседі екен.

Ғалымдар түрлі аурулар кезінде тағайындалатын емдәмдер туралы 15 ғылыми жұмысқа сараптама жасапты. Нәтижесінде күн сайын 40 грамм мөлшерде ірімшік жеу арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуын 14 пайызға, ал жүрек талмасының болуын 10 пайызға дейін төмендетуге болатынын аңғарған.

Мамандардың сөзінше, ірімшік ағзадағы «жақсы» холестериннің мөлшерін арттырып, «зиянды» холестеринді азайтады екен. Сонымен қатар, ірімшік құрамында артерияны ластанудан қорғайтын заттар да кездеседі.

Холестерин – қанда әртүрлі липопротеин түрінде кездестетін майлы спирт. Тығыздығы төмен липротеиндер ұсақ тамырларды бітеп, жүрек-қантамырлар жүйесінде ақау тудыруы мүмкін. Осының салдарынан адамдардың көпшілігінде жүрек-қан тамырлары ауруы пайда болады екен.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды