jasqazaq.kz

Ғалымдар болашақта адам баласы өмір сүре алмай қалатын елдерді атады

09 мамыр 2020, 16:41

Қазіргі таңда жүргізілген климаттық зерттеулерге сәйкес, Жер бетінде бүгінгі күннің өзінде температурасы мен ылғалдылығы өмір сүруге келмейтін аймақтар бар екені анықталыпты. Ғалымдар кейіннен мұндай жерлердің саны артатынын айтады.

Зерттеу нәтижесі Science Advances журналында жарияланыпты.

АҚШ тың Колумбия университетінің жер институтының және Ұлыбританияның Лафбаро университетінің ғалымдары бірігіп, 1979-2017 жылдар аралығындағы 7877 метеостанцияның деректерін саралап шыққан. Олар қазірдің өзінде өмір сүруге қолайсыз Жер бетінің аудандары бар екенін айтып отыр.

Барлығы ғаламшарымызда адам баласы мекендей алмайтын 80 аймақ бар екені айқындалған. Атап айтқанда, олардың көбі Үндістанда, Пәкістанда, Бангладеш, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қызыл теңіз жағалуында, Мексика шығанағында, Австралияның солтүстік-батысында, Калифорния мен Қытайдың оңтүстігінде, Африка мен Кариб хауызының елдерінде табылған. Ал бұл жақта тұратын кедей отбасылар электр қуатына қолдары жетпегенімен қоса, ауыр климатта далада жұмыс істеуге мәжбүр көрінеді.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия