jasqazaq.kz

Ғаламторды дүрліктірген абжылан ағаш екен

01 наурыз 2018, 16:22

Он шақты адам көтеріп тұрған алып жыланның суреті бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні дүрліктіріп жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Әлеуметтік желілердегі топтарда жыланның Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында, Қапшағайда және Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында табылды деген ақпарлар таралып жатыр.

Сонымен қатар, бұлы жыланды Алматы облысы Нарынқол ауылы мен Шонжы ауылында табылды дегендер бар. Алайда жылан қолдан жасалған болып шықты және ол Қырғызстанның Талас ауданындағы 28 жастағы ағаш ұстасының туындысы екен. Жергілікті alakan.biz сайтының жазуынша, Өскөн уулу Токтобек атты ер адам Кара-Кол ауылында тұрады. 6,5 метрлік жыланды жасауға оның бір ай уақыты кетіпті.

«Өзгеше дүние жасағым келіп, тоғайдан жыланға ұқсас талды үйге алып келдім, Ұзындығы 6,5 метр. Пышақпен ойып, боядым. Бір ай уақыт кетті. Бірінші туындым, сондықтан сатпаймын. Ауылдағы музейге қоямын деген ниеттемін», — дейді шебердің өзі. Басылымның жазуынша, шебер тағы да бір жыланның мүсінін жасамақ екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде