jasqazaq.kz

Ғаламаттың ғажап күйі

03 желтоқсан 2021, 12:38

Жаңа күй «Тұран» деп аталады. Тың туындыны әлеуметтік желіден тыңдап, оның маңызын арттырып, әрін келтірген бейнебаянын да көруге болады. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін ғана халқымыздың, Алаш арыстарының ақ арманы орындалып, асыл мұраты іске аса бастағаны аян. Түркі жұрты түгел тәу ететін Түркістанымыз түлеп, рухани жаңғырудың қаласына айналып келеді. Одан да маңыздысы – түркі халықтарының бірлігін әлемге әйгіліген ұлы Тұран даласының даңқын бүгінде Ұлы Дала Елінің жалғастыруы болса керек.

Түркі халықтарының басты жетістігі – тұтастығы, татулығы бекемделе түсті, межесі – барлық салада бәсекеден тартынбайтын, озық елдерге есе жібермеу. Соның ішінде, мәдениетіміз бен өнеріміздің өрісін кеңейту, танымалдығын арттыра беру. Жас ұрпақтың айтары мен аңсары әнде, күйде көрінуі де табиғи нәрсе. Өйткені өткеннің сабағы, бүгіннің ырысы, ертеңнің еншісі оларға күш-жігер, қуат-қайрат, рух береді.

Күйді шығарған жас композитор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Ғаламат Бейсеқожа – елімізге талантымен танылған ағайындылардың ортаншысы. 100-ден астам шығармасы бар жас дарын дәл осы күндері інісі Нұрәлімен бірге Германияда концерт беріп жүр.

Міне, осындай талапты жастарымызды қолдау жөнінде Мемлекет басшысы: «Қазақстан мәдениетінің өкілдері өңірлік және жаһандық деңгейде өз орындарын ойып тұрып алып жатыр. Біз осы мүмкіндікті еліміздің мәдениетін әлемге танытудың жолы ретінде қарастыруымыз керек», – деген болатын.

Шындығында, «бұлақ көріп, көзін ашудан гөрі», оның арқырап, сарқырай аққан кезінде ғана қожасы мен иесі көбейіп кететін үрдістен арылатын кез келді. Тума таланттарды шырақпен іздеп жүрген елдер де жоқ емес. Сондықтан, ақын Мұхтар Шаханов:

«Түсінбестік — секілді бір көк тұман
Сол көк тұман тудырады көп күмән.
Бір жас дарын көтерілсе мінбеге,
Жұрт түсінбей қалмаса екен деп тұрам!» –

деп жырлағандай, дарынды, талантты жастарымызды түсініп, оларды қолдау тиісті ұйымдардың да, жекелеген азаматтардың да өз халқына, туған елінің мәдениеті мен өнеріне деген адалдығын көрсетсе керек.

Дархан МЫҢБАЙ,
Мәжіліс депутаты

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді