jasqazaq.kz

Гаитиде жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1 419-ға жетті

17 тамыз 2021, 10:31

Сенбі күні Гаитиде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 419-ға жетті, 7 мыңға жуық адам жарақаттанды. Бұл туралы дүйсенбі күні мемлекеттік телеарна эфирінде республиканың азаматтық қорғау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне.

«Қазіргі кезде азаматтық қорғау басқармасы 1 419 қаза тапқан адамды тіркеді: олардың 1 133-і Оңтүстік департаментінде, 162-сі Гранд-Анс, 122-сі Нипп және екеуі Солтүстік-батыс департаментте анықталған. Сонымен қатар біз 6,9 мыңнан аса адамның түрлі жарақаттар алғанынан хабардармыз», — деп мәлімдеді ведомство өкілі. Билік деректері бойынша, өңірдегі 37 мыңға жуық ғимарат толығымен немесе жартылай қираған, қазіргі кезде құтқарушылар үйінділердің астынан адамдарды іздестіруде. Сенбі күні таңертең Гаитиде 7,2 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы шамамен 125 мың халқы бар Ле-Ке коммунасынан 40 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі – 10 км. Қатты зардап шеккен департаменттер қатарында Оңтүстік, Гранд-Анс және Нипп департаменттері бар. Үкімет бір айға төтенше жағдай орнатты.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия