jasqazaq.kz

Гаитиде балалар үйіндегі өрт 15 баланың өмірін қиып кетті

15 ақпан 2020, 21:29

Гаити астанасының оңтүстік бөлігінде орналасқан балалар үйінде өрт болып, 15 бала қаза тапты.Бұл туралы агенттігі BBC News-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қызыл жалын екі баланың өмірін қиса, түтінге уланған 13-і ауруханада көз жұмды. Жергілікті билік өкілдері өрттің туындау себептерін анықтап жатыр. Ал балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне сілтеме жасалған хабарламаларда үйде электр жарығы болмағандықтан, майшам пайдаланылғаны айтылған. ВВС мәліметі бойынша, өрт болған түні балалар үйінің электр генераторы бұзылып қалған.

Америкалық христиандық топ басқаратын балалар үйі Гаитидағы ресми рұқсатнамасыз жұмыс істейтін жүздеген мекемелердің бірі.

Билік өкілдері аман қалған балаларды қауіпсіз жерге орналастырумен айналысып жатыр. Әлеуметтік қамсыздандыру институтының директоры Ариэль Жанти Вилледруэн лицензиясы жоқ балалар үйінде 60- жуық жеткіншек тұрғанын растады. Кейбір деректер бойынша, балалар үйінің 2013 жылдан бері лицензиясы болмаған.

«Біз оларды (аман қалғандарды) транзиттік орталыққа орналастырмақшымыз, әзірге отбасыларын іздестіріп жатырмыз, оларды ата-аналарымен қауыштырғымыз келеді», — деп мәлімдеді ол Reuters агенттігіне.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия