
Танымал әнші Ғаділбек Жанай желідегі парақшасында қоянның киімін киіп алып билеп тұрған видеосын жариялады.
Stan.kz. хабарлағандай, әншінің айтуынша, ол мұндай әрекетке досы Серік Ибрагимов үшін барған. Алайда не істемек ойы бар екенін ашып айтпады. «Досың үшін не істемейсің? Қоянда бола саламыз керек болса. Сикобай сәттілік! Ал,Сен Досың үшін не істедің?» – деп жазды Ғаділбек Жанай.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің биін көріп күліп жатыр.
«Күшті актер екенсіз ғой», «Сізді басқа қырыңыздан танып келе жатырмын. Алдында да пранк жасап таңғалдырдыңыз. Салмақты кісі ме деп жүрсем. Сізге жарасады», «Картоптың жардыңыңыз, аға», – деп жазды желі қолданушылары.