jasqazaq.kz

Гүлнар Карімоваға бірнеше бап бойынша айып тағылды — БАҚ

28 шiлде 2017, 15:03

Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнар Карімоваға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Өзбекстанның ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы мен бас прокуратурасына сілтеме жасап.

«Карімова Гүлнарға Өзбекстан Республикасының 168, 178, 182, 189, 228 және 243-баптары бойынша айып тағылды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Каримоваға айып дәлелденген істердің негізінде тағылып отыр, сол істердің ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың, куәгерлердің, жәбірленушілердің жауаптары және ұйымдасқан топтың бақылауындағы 14 фирма мен 16 оффшор компаниясының қызметін тексеруден, жазбаша және заттай айғақ ретіндегі тәркіленген айғақтар мен сараптамалардың қорытындылары бар», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Мемлекет пен азаматтардың мүддесіне екі қылмыстық іс бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы — 1 триллион 270 миллиард 200 миллион сом, 1 миллиард 651,8 миллион доллар, 26,1 миллион еуро (ұлттық валютадағы жалпы сома — 3 триллион 746,8 миллион сом) делінеді.

Еске салайық, Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Карімов 2016 жылдың қыркүйегінде 78 жасында өмірден озған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде