jasqazaq.kz

Футзалдан УЕФА кубогына Қазақстаннан екі команда қатысады

26 наурыз 2018, 16:48

Футзалдан 2018/19 маусымдағы УЕФА кубогына Қазақстаннан екі команда қатысады. Бұл туралы «Қайрат» командасының бас жаттықтырушысы Какау хабарлады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

«Қазақстан футзалы жанкүйерлерін құттықтаймын. 2018 жылғы Еуропа чемпионатында үздік төрттікке енгеннің арқасында, 2018/19 маусымда Қазақстаннан УЕФА кубогына екі команда қатысады», – деп жазды Какау Instagram парақшасына. Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатында төртінші орын алды. Жартылай финалда Испания құрамасына пенальти нәтижесінде ғана есе жіберіп алған болатын. Какау осы маусым аяқталысымен, Қазақстандағы қызметін аяқтайды. «Қайратта» оның орнына бас жаттықтырушы болып бразилиялық маман Кака келеді. Ал ұлттық құраманы алда кім жаттықтыратыны белгісіз. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңарған рейтингінде 8-орыннан 4-орынға көтерілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде