jasqazaq.kz

Футболшының жылдамдығы желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

26 қазан 2017, 13:05

21 жастағы ойыншы 60 метрді алты секундта жүгіріп өтіп, гол соқты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Индонезиялық «Борнео» клубы ұлттық біріншілік аясында «Митра Кулар» командасымен кездесті. Матч кезінде «Борнео» футболшысы Теренс Пухири 60 метрді алты секундтың ішінде жүгіріп өтіп, гол соқты.

21 жастағы Пухиридің бойы 157 сантиметр, әлеуметтік желі қолданушылары оны планетадағы ең жылдам ойыншы деп атады.

Видео FootyMemes-тің твиттердегі парақшасында жарияланды.

«Бұл жалпы өзі мүмкін бе?» деп таңғалды қолданушылардың бірі.

Тағы бірі дортмундық Боруссияға Усэйн Болттың орнына командаға Теренс Пухириді алуға кеңес берді.

Пухиридің голы командаға жеңіс әкелді. Ойын 4:0 есебімен аяқталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде