jasqazaq.kz

Футболшыларға қол алысуға тыйым салынды

09 наурыз 2020, 16:44

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) матч басталар алдындағы қол алысу дәстүрлі шарасын өткізуге тыйым салды. Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Ресми мәлімдемеге сәйкес, футбол ойындары алдында қол алысуға тыйым салу шешімі Еуропада коронавирустың таралуына байланысты қабылданған. Осы ретте, қарсылас команда мүшелері мен төрешілер УЕФА хаттамасымен міндетті болып келген шараны өткізбейтін болды. УЕФА бұл шешім барлық ойындарға қатысты болатынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңестеріне сәйкес келетінін атап өтті. Еуропада коронавирусты жұқтырудың ең көп оқиғасы Италияда тіркелген. Италияның ANSA агенттігі берген мәліметтерге сәйкес, елде 366 адам вирустың құрбаны болды. Бұл ретте, соңғы тәулікте жаңа типтегі вирустан 133 адам көз жұмған.

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді