jasqazaq.kz

Футболшыға алаңда найзағай тиді (видео)

07 шiлде 2020, 10:04

Мәскеулік «Знамя Труда» футбол клубының жаттығуы кезінде 16 жастағы қақпашы Иван Заборовскийге найзағай тиген. Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған, — деп хабарлайды клубтың Twitter желісіндегі парақшасы.

Футболшы қатты күйік алған, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жаттығу кезінде аспан ашық болғаны айтылады. Иван командадан бөлек жаттыққан, сондықтан оған найзағай тиген сәтте ешкім бірден байқамаған.

Қақпашыға бірінші болып оның жаттықтырушысы Антон Басов көмекке келген: ол Заборовскийдің жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс берген, жедел жәрдем келгенше реанимациялық әрекеттер жасаған.

Жасөспірім спортшы ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жатқызылған. Заборовскийдің жағдайы тұрақты, кардиограмма қалпында екені хабарланды.

Клубтың бас директоры Игорь Майоровтың айтуынша, ол 16 жастағы спортшының әкесімен байланысқан. Футболшының қалпына келу динамикасы жақсы екенін, алдағы уақытта ойнай алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, жағдайды аймақтың денсаулық сақтау министрі бақылауына алғанын айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде