jasqazaq.kz

Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері 800 млн теңге алады дей ме?

03 наурыз 2018, 14:34

Қазақстанның футбол федерациясы ел құрамасының жаттықтырушысы Станимир Стоиловтың жалақысы жөнінде пайда болған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Sport.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін кейбір БАҚ өкілдері болгариялық маман Қазақстан құрамасындағы еңбегі үшін жылына 800 млн теңге көлемінде жалақы алады деген ақпарат таратқан болатын.

«Қазақстанның футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоиловпен жасалған шарт сомасы туралы бірқатар БАҚ-та пайда болған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын рәсми түрде мәлімдейді», — деп жазылған Федерацияның ресми сайтында.

Айта кетейік, Станимир Стоиловтың Қазақстанның ұлттық құрамасымен арада жасалған шарты бір жылға есептелген. Ол 1 наурызда ел құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде