jasqazaq.kz

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан Словакияны жеңді (Видео)

13 маусым 2022, 22:41

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында С дивизионында Қазақстан ұлттық құрамасы елордадағы «Астана Арена» стадионында Словакия командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін қазақстандықтар өз тобында 7 ұпаймен көш бастап келе жатқанымен, екінші орындағы словакиялықтар негізгі фаворит еді. Өз алаңында Қазақстанға 0:1 есебімен есе жіберген Словакия елордаға қалайда қарымта қайтару үшін келген еді. Бұл ойында құрамаға оралған Асхат Тағыберген капитандық тізгінді қайта қолға алды. Ал Исламбек Қуат екі рет ескерту алғандықтан, матчтан тыс қалды. Бірінші таймда 18-минутта оң қапталдағы Михаил Габышевтан пас алған Ян Вороговский есеп ашты. 31-минутта Я.Вороговскийдің тағы бір гол соғатын мүмкіндігі болды. Есесіне 39-минутта тағы да оң қапталдан А.Тағыберген берген допты Эльхан Астанов баспен торға дәл түсірді. Бұл Э.Астановтың ұлттық құрамадағы алғашқы голы еді.

Екінші таймның 51-минутында словакиялық Матуш Бероның айып алаңына кірместен тепкен добы голға айналды – 1:2. Бұдан кейін Игорь Шацкий екі мәрте өз қақпасын аман алып қалды. 87-минутта дөрекі ойнаған словакиялық Ондрей Дуда алаңнан қуылды. Осылайша, қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірген Қазақстан құрамасы ұпай санын 10-ға жеткізді.

Ресейлік маман Магомед Адиев жаттықтырғаннан бері қазақстандықтар төрт кездесуінде үшеуінде жеңіске жетті. Бұл – тамаша нәтиже. Қазақстан құрамасы қалған ойындарын қыркүйек айында өткізеді. 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, үш күннен кейін сырт алаңда Әзірбайжанмен кездеседі.

https://youtu.be/atAymR3_LSw

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде