jasqazaq.kz

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы: Ағылшын командалары қарсыластарынан басым түсті

06 сәуiр 2022, 10:34

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында Англияның «Ливерпуль» командасы Португалияда «Бенфикадан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі команда арасындағы кездесуде ағылшындар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Мохамед Конате 17, Садио Мане 34, Луис Диас 87-минуттарда мергендік танытты.

Оған алаң иелерінен Дарвин Нуньес 49-минутта жалғыз голмен жауап қайырды. Сондай-ақ, Англияның «Манчестер Сити» командасы өз алаңында Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын 1:0 есебімен сүріндірді. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды Кевин Де Брёйне 70-минутта өзінің еншісіне жазды. Енді бүгін, 6 сәуірде «Челси» (Англия) пен «Реал Мадрид» (Испания), «Вильрреал» (Испания) және «Бавария» (Германия) жасыл алаңға шығады. Ойындар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қарымта кездесу13 сәуірге белгіленген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде