jasqazaq.kz

Футболдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

18 ақпан 2019, 19:14

 

Футболдан 2019 жылғы Қазақстан кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, алғашқы іріктеу кезеңіне бірінші лиганың сегіз клубы, екінші лиганың төрт командасы және «Игілік» (Қаратау, Жамбыл облысы), Дидар Сыдықбек футбол орталығы (Астана) сынды екі әуесқой ұжым қатысады. Жеребе нәтижесі бойынша А тобына «Алтай» (Шығыс Қазақстан облысы), «Екібастұз» (Екібастұз, Павлодар облысы), «Қызыл-Жар СК» (Петропавл), «Рузаевка» (Рузаевка, Солтүстік Қазақстан облысы) командалары түсті. Ал В тобында «Арыс» (Арыс, Түркістан облысы), СДЮСШОР №8 (Астана), «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Дидар Сыдықбек» футбол орталығы (Астана) бақ сынайды. Ал С тобында «Қыран» (Шымкент), «Игілік» (Қаратау, Жамбыл облысы), «Ақсу» (Ақсу, Павлодар облысы), Д тобында «Ақжайық» (Орал), «Каспий» (Ақтау) және «Мақтарал» (Мақтарал ауданы, Түркістан облысы) командалары ойнайды. Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі 19-27 наурыз күндері Шымкент қаласы мен Түркістан облысында өткізіледі. Әр топтан үздік шыққан командалар жарыстың 1/8 финалдық сатысына жолдама алады. Бұл кезеңде олармен бірге Премьер-лига командалары да бақ сынайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде