
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде 2019 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша құрама командалар арасында үш орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Осы айдың қорытындысы бойынша біздің құрама 118-орынға орналасты. Еске салайық, Қазақстан құрамасы қарашада Еуропа Чемпионаты – 2020 іріктеу матчында екі рет — Сан-Марино (3:1) және Шотландия (1:3) командаларына қарсы ойнады. ФИФА рейтингі: Бельгия — 1765 2 Франция — 1733 3 Бразилия — 1712 4 Англия — 1661 5 Уругвай — 1645 6 Хорватия — 1642 7 Португалия — 1639 8 Испания — 1636 9 Аргентина — 1623 10 Колумбия — 1622 … 38. Ресей – 1470 50 Шотландия — 1422 95 Кипр — 1251 118 Қазақстан — 1155 209 Сан-Марино — 824.