jasqazaq.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді

24 наурыз 2018, 11:25

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияны жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Будапештте өткен кездесуде Станимир Стойловтың шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетті. Есепті алтыншы минутта «Астана» форварды Роман Мұртазаев ашты, ал оныншы минутта ұлттық құраманың дебютанты Бахтиер Зайнутдинов көзге түсті, айтпақшы, ол — «Астана» футболшысы.

Алайда 21-ші минутта айып добын жылдам орындағаннан кейін Адам Салаи есеп айырмасын қысқартты. Бірақ39-шы минутта Қазақстан құрамасының сапында «Уфа» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет тұңғыш голын соқты. 18 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында алғаш рет ойынға шықты.

Екінші таймда тағы бір дебютант Юрий Перцух Сейдахметтің орнына шықты. 68-ші минутта алаң иелері Кристиан Нементтің голының арқасында есепті тағы да қысқартты.

Айта кетейік, Стойлов Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінде алғашқы ойынын өткізіп отыр. Блогар маманы Қазақстан құрамасын 1 наурыздан бастап басқарады.

Еске салайық, 26 наурызда Қазақстан құрамасы тағы бір кездесу өткізеді. Венгрдің Фульчуга қаласынла Болгария құрамасымен кездесу өтеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде