jasqazaq.kz

Футболдан Қазақстан чемпионатының атауы өзгерді

02 наурыз 2020, 15:18

Футболдан Қазақстан чемпионатының атауына өзгеріс енді.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа атау Қостанайда өткен атқару комитетінің жиынында қабылданды. «Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET букмекер компаниясымен серіктестік жөнінде келісімге қол қойды. Серіктестік үш жылға созылып, 2020, 2021 және 2022 жылғы маусымдарды қамтиды. Келісім бойынша қазақстандық жоғары дивизионның жеке логотипі мен ресми атауы 2020 жылдың наурызынан бастап өзгереді. Енді ішкі чемпионаты «OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионаты» аталады», — делінген лига ақпаратында. Сонымен қатар, футболшыларды тіркеудің екінші мерзімінен бастап легионер ойыншылардың жас ерекшеліктеріне қойылатын шектеулер алынып тасталады. Футболшылардың құжаттарын қабылдаудағы қазіргі ереже бойынша Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдердің азаматтарының жас ерекшелігі 1989 жылдан жоғары болмауы тиіс.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия