
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің тоғызыншы турында Шымкенттің «Ордабасы» клубы Түркістанның «Тұранымен» кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оңтүстік өлкенің қос командасы арасындағы кездесуде басты фаворит ретінде шымкенттік клуб аталған болатын. Өйткені, Премьер-лигаға биыл ғана қосылған түркістандық клуб өз ойынын таба алар емес. Нәтижесінде турнир кестесінде соңғы орынның бірінде тұрды. Бүгінгі кездесуге «Тұран» тас-түйін дайын шыққан секілді. Азулы қарсыласынан қаймыққан жоқ. Ойынның 30-минутында түркістандық футболшы Темірлан Әміров алаң иелерінің қақпасын дәл көздеді. Бүгінгі кездесуде «Ордабасы» қарсыласынан 0:1 есебімен басым түсті. Осылайша «Тұран» алғашқы жеңісіне қол жеткізді.