jasqazaq.kz

Футболдан Франция құрамасы әлем чемпионы атанды

15 шiлде 2018, 23:02

Футболдан Франция құрамасы әлем чемпионы атанды. Бүгін, 15 шілдеде ӘЧ-2018 финалдық кездесуі Мәскеудің «Лужники» стадионында Франция мен Хорватия құрамалары арасында өтті.

Ойынның 18 минутында Хорватия құрамасының шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасын автогол салды. Алайда оның әріптесі Иван Перишич 28-ші минутта есепті теңестірді. Француз сұрмергені Антуан Гризманн 38-ші минутта есепті еселеді. Поль Погба 59-шы минутта есепті 3:1-ге жеткізсе, алты минуттан соң Киллиан Мбаппе алыстан Хорваттар қақпасынан саңылау таба білді. Марио Манджукич ойынның 69-шы минутында есепті бір ұпайға қысқартты. Еске салайық, 14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Крестовский» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған. Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты. 82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне. Бельгия құрамасы осы әлем біріншілігінде 16 гол салып, ең көп гол салған команда атанды. Сондай-ақ осы құрама тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп отыр.

Vesti.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді