jasqazaq.kz

Футболдан ел біріншілігі: Үздіктер анықталды

10 қараша 2019, 19:39

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана» өз алаңында соңғы турда Павлодардың «Ертісінен» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Қайрат» Алматыда «Атырауды» 2:1 есебімен жеңді. Соңғы турда үшінші орынға қай команданың ие болатындығы анықталды. Үздік үштікке «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары үміткер болды. Нәтижесінде «Ордабасы» өз алаңында «Таразды» 3:0 есебімен тізе бүктіріп, қола жүлдегер атанды. Ал Қостанайда «Тобыл» «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңгенімен төртінші орынды қанағат тұтты. Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Көкшетаудың «Оқжетпесі» 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Талдықорғанда «Жетісу» Қарағандының «Шахтерін» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан чемпионатында барлығы тоғыз команда алтыннан алқа тақты. Бұған дейін елордалық «Астана», Павлодардың «Ертіс», «Ақтөбе» командалары — 5, Семейдің «Елімайы» мен елорданың «Жеңіс» (кейіннен «Астана-1964») -3, Алматының «Қайраты» мен Қарағандының «Шахтері» -2, Қостанайдың «Тобылы» мен «Тараз» -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді. Биыл «Ақтөбе» және «Атырау» командалары төменгі топқа түсіп қалды. Алдағы жылы олардың орнын бірінші лигадада жеңімпаздар қатарынан көрінген а Петропавлдің «Қызылжар» және Ақтаудың «Каспий» клубтары басады. Ал Премьер-лигада 10-орынға тұрақтаған «Тараз» бен Оралдың «Ақжайығы» қосымша бір жолдама үшін 15 және 18 қараша күндері тартысқа түседі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда